14:01, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Маған тиісті деңгейде құрмет көрсетпеді деген бос сөз - зiлтемiршi Ж. Қыдырбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем чемпионатынан кейiн мені өзгелерге қарағанда тиiстi деңгейде марапаттамады деген жұрт арасында жүрген бос сөз.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев мәлiм еттi.
«Маған тиісті деңгейде құрмет көрсетпеді деген бос сөз. Бір адамның екіншісіне таратқан сөзі деп ойлаймын. Марапат жасалып жатыр. Жуырда Жамбыл облысы да марапаттады. Мемлекет тарапынан да құрмет көрсетілуде. Барлығына алғысымды білдіремін», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қоссайыс қорытындысы бойынша 408 келінi бағындырған Жасұлан Қыдырбаев чемпион атанған болатын.