МАГАТЭ банкінің ашылуы Қазақстанда атом саласындағы жоғары сапаны білдіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бейбіт атом энергиясына жауапты МАГАТЭ-нің сенімді серіктесіне айналды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкі ғимаратын салтанатты ашу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жаһандық экономикалық өмір түбегейлі өзгеруде, алайда ең алдыңғы қатарлы цифрлық экономикаға да энергия қажет, яғни көп энергия керек болады. Дәстүрлі энергия көздеріне қарағанда, уранда миллиондаған есе энергияның үлкен концентрациясы бар екенін еске салған жөн. Сондықтан да ядролық энергетика баламалы болып табылады әрі басқаларына қарағанда тиімдірек»,-деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент қазіргі кезде әлемде 51- ден астам атом электр стансасы салынып жатқанын, ал 2030 жылға қарай 500-ге тарта АЭС жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Болашақта ядролық энергетиканың жаңғыртылуы елеулі. Сондықтан төмен байытылған уран банкін орналастыру үшін Қазақстанның таңдалуы біздің елдің атом саласындағы сапаны білдіреді. Естеріңізге сала кетейін, түрлі есептеулерге қарағанда, Қазақстанда әлем бойынша уран қорының 30 пайызға дейінгі үлесі шоғырланған. Бүгінде біз уран өндіруші ірі елдердің біріміз және әлемдік энергетикада маңызды рөл атқаруға дайынбыз»,-деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар