МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано өмірден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Юкия Амано 72 жасында өмірден озды. Бұл туралы ұйымның ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.


«МАГАТЭ хатшылығы бас директор Юкия Аманоның өмірден озғанын қайғыра отырып хабарлайды», - делінген хабарламада.

Жапон дипломаты МАГАТЭ-ні 2009 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келді. Ол үш мәрте төрт жылдық мерзімге сайланған болатын. Ұйымды Амано басқарған тұста Иран атом бағдарламасы туралы жан-жақты келісім бойынша мәліме жасалған.

МАГАТЭ-нің Венадағы штаб-пәтерінің үстіне тігілген туы түсіріледі.

Айта кетейік, өткен аптада денсаулығы сыр бере бастауына байланысты, Юкия Амано мерзімінен бұрын лауазымын тапсыруы мүмкін деген хабар тараған еді. МАГАТЭ басшысы қандай дерттен жапа шеккені белгісіз.

Соңғы жаңалықтар