МАГАТЭ басшысы Б.Обаманың Иранға ұсынысын жоғары бағалады

МӘСКЕУ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Барака Обаманың Иран басшылығына ұсынысы Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт реттеуге жәрдемдеседі. Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас хатшысы Әл-Барадеи осындай пікір айтты,

МАГАТЭ басшысы Б.Обаманың Иранға ұсынысын жоғары бағалады
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.«Б.Обама алдын ала талаптарсыз тікелей келіссөздер жүргізудің қажеттігін айтты. Бұл - өте маңызды. Бұл бүкіл Таяу Шығыстағы жағдайға оң ықпал етер еді», - деп атап өтті М. әл-Барадеи. Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы наурыздың 20-сында американдық өкімет орындары Б.Обаманың иран халқына Наурыз мейрамына арналған мерекелік бейнеүндеуін жариялады. Өзінің бейнеүндеуінде Б.Обама АҚШ пен Иран арасындағы қатынастардағы сенімсіздік пен көп жылға созылған жаулық пиғылды тоқтатуды ұсынды және екі мемлекет арасындағы адал да құрмет сезімдерін қалыптастыру ниетін мәлімдеді. Ақ үй басшысының пікірінше, Иран әлемдегі заңды орнын алуы, бірақ ол бейбіт жолмен жүргізілуі тиіс.