07:45, 22 Қараша 2011 | GMT +5
МАГАТЭ Иран бойынша жаңа қарар қабылдады
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - МАГАТЭ-нің жаңа қарарында Ирандағы жағдайға қатысты «алаңдаушылық арта түсіп отырғаны» білдірілген, деп хабарлады РБК агенттігі.

Құжат ұйым кеңесінде көпшілік дауыспен бекітілді. 2011 жылғы 18 қарашада кешке оны 35 қатысушының 32-сі қолдады. Куба мен Экватордың өкілдері қарсы дауыс берді., Индонезия делегациясы дауыс беруден қалыс қалды.
Бұл қарардың жобасын араағайын «алтылық» әзірледі, оның құрамына Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдері кіреді.