МАГАТЭ Иранда ядролық қаруды жасау бағдарламасының бар екендігіне нақты дәлелдің жоқ екенін тағы да қайталайды

АСТАНА.  Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат -  Атом энергиясы  жөніндегі    халықаралық  агенттік (МАГАТЭ),  өзінің   Иранға қатысты  соңғы баяндамасында    Тегеранның  әскери ядролық  бағдарламасының      бар екендігіне дәлел 

МАГАТЭ   Иранда    ядролық   қаруды жасау  бағдарламасының  бар   екендігіне  нақты     дәлелдің  жоқ екенін   тағы   да  қайталайды

келтірілгендігі  туралы   бұқаралық ақпарат құралдарының     хабарларын   теріске    шығарды,  деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

МАГАТЭ Біріккен  Ұлттар   Ұйымының  халықаралық құрылымына кіреді.  Осының алдында, бейсенбі күні     Ассошиэйтед Пресс  ақпарат  агенттігі    баяндамамен таныс  дерек көздерге сілтеме  жасап,  МАГАТЭ-нің    Иранның  ядролық  бағдарламасының   әскери мазмұны  туралы    қорытындыға келгенін    хабарлаған болатын.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының  соңғы ақпараттарына байланысты,  МАГАТЭ,   Иранда    ядролық   қаруды жасау  бағдарламасының  бар   екендігі  немесе  болғандығы  туралы  нақты     дәлелдің  жоқ екенін   тағы   да  қайталайды.   2009 жылы  қыркүйектің 9-ында өткен   Басқарушылар  кеңесінің   мәжілісінде Бас  директор 

Мохаммед аль-Барадеи,  Иранға қатысты   мәліметтерді МАГАТЭ-нің  жасырып отырғандығы  туралы толастамай  отырған   айыптаулардың саяси астары   бар  екенін   және олардың мүлдем  негізсіз екенін   ескерткен болатын»,  делінген   БҰҰ-ның  Нью-Йорктегі  штаб-пәтерінде  таратылған  МАГАТЭ  баспасөз қызметінің  мәлімдемесінде.