МАГАТЭ: Ирандағы АЭС маңындағы соққылар ядролық қауіп төндіруі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Ирандағы Бушер атом электр станциясы маңында болған үшінші соққыдан кейін алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Xinhua.
Соңғы он күн ішінде осындай үшінші оқиға тіркелген. Агенттік бас директоры Рафаэль Гросси реактор зақымданған жағдайда ауыр радиациялық апат болуы мүмкін екенін ескертті.
МАГАТЭ әлеуметтік желідегі X парақшасында бұл шабуыл туралы ақпаратты Иран тарапынан алғанын хабарлады.
IAEA informed by Iran of a new strike in the area of the Bushehr Nuclear Power Plant, the third such incident in 10 days. No damage to operating reactor nor any radiation release reported, and condition of plant is normal, Iran says.
— IAEA - International Atomic Energy Agency ⚛️ (@iaeaorg) March 27, 2026
DG @rafaelmgrossi again expresses deep… pic.twitter.com/cGIUSZJMyV
Иран билігінің мәліметінше, жұмыс істеп тұрған реактор зақымданбаған, радиацияның сыртқа шығуы тіркелмеген, станция қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
МАГАТЭ басшысы ядролық апат қаупін болдырмау үшін барынша сабыр сақтауға шақырды.
Бұдан бұрын Иранның ең осал ядролық қондырғыларының бірі — Натанзедегі отын байыту зауытының «кіру ғимаратына зақым келтірілгені» белгілі болды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға шабуыл жасайтынын 40 жыл бұрын айтқанын жазған едік.
Сонымен қатар Трамп Иранға 15 тармақтан тұратын бейбіт жоспар ұсынғаны анықталды.