МАГАТЭ-ның бас директоры бүгін Иранға барады
АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Юкия Амано ирандық жоғары лауазымды шенеуніктерімен келіссөздер жүргізу үшін бүгін Теһранға келеді,
делінген аталған ұйымның жұма күні таратқан мәлімдемесінде.
Онда «Юкия Амано таяу жексенбіде ирандық ресми тұлғалармен екі тараптың да мүддесіне сай келетін мәселелерді талқылау үшін Теһранға барады», - делінген.
Келіссөздер дүйсенбі күні өтеді.