МАГАТЭ уран мәселесіне байланысты Қазақстанға толықтай сеніммен қарайды - Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) уран мәселесіне байланысты Қазақстанға толықтай сеніммен қарайды.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы барысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күні кеше МАГАТЭ-нің сарапшыларымен кездесу болған еді. Онда БАҚ-та жарияланған Қазақстанның уран келісімі жайында сөз болды. Осыған байланысты, МАГАТЭ уран мәселесіне қатысты Қазақстанға толықтай сенімді екендігін атап өтті. Дегенмен де, бірқатар БАҚ-та жарияланған Қазақстанның Иранға уран сататын әлдебір келісімге қатысы барлығы туралы МАГАТЭ сарапшылары ешқандай да ресми мәлімдеме жасамайтындығын атап өтті. Өйткені, МАГАТЭ сарапшылары интернет көздері арқылы жариялана беретін бұндай негізсіз қауесетке соншалықты назар аудармайтынын, ондай жалған ақпарларды ресми жоққа шығарумен айналыса бермейтінін, онда жұмыстың барлығы тек осындай шаруаға ауысып кететінін мәлімдеген», деді Ә. Мағауов.

Соңғы жаңалықтар