07:59, 03 Шілде 2009 | GMT +5
МАГАТЭ ұйымының жаңа басшылығына жапон дипломаты сайланды
НЬЮ-ЙОРК. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) келесі бас директоры болып жапондық дипломат Юкия Амано сайланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дипломат Испания мен Оңтүстік Африка өкілдерінен озып, МАГАТЭ басқармасының үштен екісінің дауысын алды. Жаңадан сайланған бас директордың қарусыздандыру және ядролық қару-жарақты таратпау саласында мол тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол Жапонияның халықаралық ұйымдағы елшісі болып табылады.
Юкия Амано Мұхаммед әл-Барадейдің орнына сайланып отыр және МАГАТЭ Бас директорының міндетіне ол ағымдағы жылы қараша айының соңында кіріседі.