МАГАТЭ Жапония АЭС-терінен су ағызу стандарттарға сәйкестігін растады

жапония
Фото: kyodonews.net

АСТАНА. KAZINFORM - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Жапонияның зақымдалған Фукусима атом электр станциясынан тазартылған радиоактивті суды теңізге жіберуі қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін растады, деп хабарлайды Kyodo News ақпарат агенттігі.

Сейсенбі күні МАГАТЭ-нің жұмыс тобы бірінші толық есебін беріп, онда атом станциясынан судың ағызылуы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін растады. 

Есеп агенттік шенеуніктері мен 11 елдің тәуелсіз сарапшыларынан құралған арнайы топтың қазан айында жүргізген шолу миссиясының қорытындыларына негізделген.

Жұмыс тобы тритийден басқа радионуклидтердің көпшілігін жоятын суды ағызу қондырғылары мен жабдықтарын тексерді және Токио энергетикалық компаниясымен (TEPCO), Ядролық реттеу басқармасымен және Жапония үкіметімен келіссөздер жүргізді. 

Жапония өткен жылдың тамыз айынан бері жалпы көлемі 23 400 тонна су ағызған.

Соңғы жаңалықтар