Магистралды және стансалық жолдардың қауіпсіздігі қаралды - Көлік және коммуникация министрлігі

ТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Асылбек Дүйсебаев магистралды және стансалық жолдардың қауіпсіздігі мәселесі бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді,

Магистралды және стансалық жолдардың қауіпсіздігі қаралды - Көлік және коммуникация министрлігі

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылғы 9 айда Көліктік бақылау комитеті темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 140-тан аса арнайы жылжымалы құрамды және стансаларда анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін шамамен 460 жол бұрушы бағдарды пайдалануды тоқтатты. Сонымен қатар 6 млн. теңгеден аса сомаға айыппұл өндірді.

Кеңес барысында, жол шаруашылығында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруда жол қашықтығы қызметкерлерінің салғырттығынан бұзушылықтар, атап айтқанда, жолдардың жоғарғы құрылымын жеткіліксіз ұстаған және басшылар лауазымдық нормативтерді орындамаған, сондай-ақ, ақаулықтарды сапалы жою және уақытылы анықтауға бағытталған нормативті құжаттарды тиісінше орындамауы сынды мәселелер талқыланды.

Кеңестің қорытындысы бойынша, вице-министр «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на жолдардың жоғары құрылымын ұстап тұруды ұйымдастыру кезінде жіберілген кемшіліктерді жоюды, осы мәселеге қатысты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауды тапсырды.