Магистралдық құбырлар салуда мемлекеттің басым құқығы бекітіледі

туралы» заң жобалары бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті.
Аталған заң жобасының басты жаңалығы магистралдық құбырларды қайта құру арқылы оларға мемлекеттің басым құқықтарын бекіту көзделеді. Сонымен қатар, магистралдық құбыр саласындағы қызмет көрсететін немесе оның қызметін пайдаланатын тұлғалардың міндеті мен құқықтарын анықтау қарастырылады. Бұдан бөлек осы салада ұлттық оператор институтын енгізу мәселесі де көзделеді.
Тоқтала кететін жайт, елімізде өндірілетін көмірсутекті шикізаттардың айтарлықтай үлесі магистралдық құбырлар арқылы ішкі және сыртқы нарыққа шығады. Сондықтан да, бұл мәселе стратегиялық маңызға ие болып отыр. Сондай-ақ, магистралдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау ел бюджетінің түсімін айтарлықтай арттыратыны белгілі. Әйтсе де осындай маңыздылығына қарамастан, магистралдық құбырлар мәселелеріне байланысты заңдық қатынастарды реттейтін нақты заңнамалық актілер әлі жоқ.
Сөйтіп, заң жобасы ел экономикасы үшін стратегиялық мәнге ие магистралдық құбыр саласын реттеу арқылы Қазақстанның экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталады. Ал заң жобасы қабылданса, елімізде қайта салынатын және қолданыстағы кез-келген (мейлі мемлекеттік, мейлі жекеменшік болса да) магистралдық құбырларға мемлекеттің қатысуын қамтитын басым құқығы бекітілетін болады. Ал жаңа құбырлар салу барысында бірінші кезекте құбырларды салуда мемлекеттің экономикалық мүддесі қорғалатын болады.