Магистратураға түсушілер көбінде қай мамандықтарды таңдайды

талапкер
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық тестілеу орталығы болашақ магистранттар таңдаған мамандық жайында мәлімет ұсынды. 

Бүгінде кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініш саны — 41 815.

Ең көп таңдалған білім салалары:

  • Педагогикалық ғылымдар;
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
  • Бизнес, басқару және құқық.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілдеде аяқталған болатын. 

Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

13 шілде күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады. 

білім
Фото: ҰТО

 

 

Соңғы жаңалықтар