Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Магистратураның конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамыз күні жарияланады – министр

АСТАНА. KAZINFORM – 2026–2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Саясат Нұрбек
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Оның айтуынша, комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді.

-Отырыс барысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау қолданыстағы қағидаларға сәйкес конкурстық негізде жүргізілді. Комиссия мүшелеріне жауапты әрі мұқият жұмысы үшін алғысымды білдіремін,-деді ол.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық. Үміткерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағыттарына сұраныс жоғары болды.

Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де келесі ресми ақпараттық ресурстарда жарияланады. Құрметті болашақ магистранттар! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Білім жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, алдағы оқу жылы жаңа академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге бастасын,-деп жазды министр.

Конкурстық іріктеу қорытындысы жарияланатын ақпараттық ресурстар тізімі:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
• Telegram: https://t.me/SayasatNurbekOfficial
• Facebook: https://www.facebook.com/sayasat
• Instagram: https://www.instagram.com/sayasatnurbek/

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстары:
• https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
• Telegram: https://t.me/gylym_jogary_bilim
• Facebook: https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
• Instagram: https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

Осыған дейін студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиясы 1 қыркүйектен бастап көбейетіні туралы жаздық.