Магнитогорскіде ерлі-зайыптылар жасырын түрде Қазақстан арағын сатумен айналысқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Челябі облысы Магнитогорск қаласында ерлі-зайыптылар Қытайдан әкелінген тұрмыстық тауарлармен заңды түрде айналысқан, ал Қазақстанда шығарылған арақты жасырын сатып жүрген. Тәп-тәуір пайда түсетін бизнесті жасыру үшін олар арзан шүберектер сатқан, деп хабарлайды «Комсомольская правда».
«Ерлі-зайыптының сауда орны теміржол вокзалының маңында болған, сондықтан арақ сатушылар желілік полиция бөлімінің назарын аударған», деп хабар береді Урал тергеу басқармасының Магнитогорск тергеу бөліміндегілер.
Қазақстандық арақтың бір бөлігінің сапасы жақсы болған, ал коньяктың құрамынан қауіпті қоспалар табылған. Заңсыз бизнес ұйымдастырғаны үшін ерлі-зайыптыға алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.