Магнитогорскіде қаза тапқандар саны 24-ке жетті

МАГНИТОГОРСК. ҚазАқпарат - Магнитогорскідегі тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан мерт болғандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні Ресей ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Магнитогорскіде қаза тапқандар саны 24-ке жетті

«Қирандылардың астынан 24 адамның денесі шығарылды. Тағы 17 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр»,-деді ТЖМ өкілі. Оның айтуынша, көз жұмғандардың екеуі бала.

Естеріңізге салсақ, Магнитогорскіде желтоқсанның 31-інде таңғы сағат 4-тің шамасында 9 қабатты үйде тұрмыстық газ жарылды.

Салдарынан 26 пәтерлік тұтас бір подъезд опырылып ортасына түсті.

Аталған пәтерлерде 46 адам тұрған. Осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдын ала болжамға сәйкес, тұрмыстық газды қолдануда сақтық ережесі өрескел бұзылған.