Магнитті дауыл салдарынан Жерді 6 күн бойы қараңғылық басады - NASA

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16-22 желтоқсан күндері Жерді қараңғылық басады, деп хабарлады Росбалт.

Магнитті дауыл салдарынан Жерді 6 күн бойы қараңғылық басады - NASA

Ғаламшардың кез келген тұрғыны бұл кезде солтүстік шұғыласын байқай алады, аспан түрлі-түсті шапақпен көмкеріледі, деп хабарлады американдық NASA ғарыш агенттігінң мамандары.

Аэроғарыш агенттігінің басшысы Чарльз Болденнің айтуынша, бұл соңғы 300 жылдағы ең күшті Күн бетінен плазмалар шығарылуының әсерінен болады.

Ғалымдар бұл ақпаратты осы ғарыштық құбылыс кезінде адамдар үрейленбеуі үшін таратып отыр.

Сондай-ақ осы алты күнде электр желісінде, байланыста және Интернетте үзілістер болуы мүмкін.