«Magnum» сауда кешенінде адамдардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар қолданылады - А Гарбер

Бұл туралы елорланың ресми сайты хабарлады.
Еске салайық, биылғы жылдың үшінші наурызы күні қардың уақытында тазаланбай ауқымды жиналып қалуынан сауда кешенінің төбесі ортасына түскен болатын. Қазір арнайы комиссия оқиғаның қайталанбауы үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс жүргізіп жатыр.
«Magnum» Cash&Carry» компаниясы басшылығы атап көрсеткеніндей, төбенің құлауының негізгі себебі, қардың көп жауып және мұз қатып, металл құрылымға барынша салмақ көп түсуінен болғандығы анықталды. Сауда кешені пайдалануға берілер алдында тиісті техникалық талаптаға сәйкес тексеруден өткен. Қазіргі уақытта болған жағдайға байланысты талдау, сараптау жұмыстары жүргізіліп, кешенді түрде ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары әзірленуде. Мұның өзі «Magnum Cash&Carry» сауда кешенінде жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Компания басшылығы төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға, алдағы уақытта оны болдырмау үшін тиісті іс-шаралар қабылдауда.
«Өткен күндері тұрақты клиенттеріміз дүкеннің жабылғанына алаңдаушылық білдіріп телефон қоңырауларын шалды. Біз дүкенді тез арада қалпына келтіруге тырысамыз, сонан соң клиенттерімізді қайта күтеміз», - дейді «Magnum» Cash&Carry» СК» ЖШС-нің бас директоры Александр Гарбер.
Бүгін жетінші наурызда Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крыловтың басшылығымен «Magnum» сауда кешені шатырының қирауына байланысты ТЖ жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтеді.