18:56, 19 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Мағжан Шамшадин бастаған спортшылар Әбу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – 11-13 қазан аралығында Әбу-Даби қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Аталған додаға Қазақстан командасы да қатысады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әлемдік жарыста Қазақстан құрамасы сапынан 12 спортшы бақ сынайды. Ерлерден 9, қыздардан 3 дзюдошы барады.
Қазақстан құрамы төмендегідей:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов
66 келі: Әділбек Берікұлы
73 келі: Дархан Қойбағар, Ермек Амангелді
81 келі: Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев
100 келі: Әділет Сапарғалиев
+100 келі: Мәди Еділбаев
Әйелдер:
63 келі: Есмигүл Куюлова
+ 78 келі: Назгүл Маратова, Карина Такиева.