Махаббаты сәтсіздікке ұшыраған мектеп оқушысы терезеден секіріп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектеп оқушысы сәтсіз махаббат салдарынан Мәскеу орталығындағы үйдің терезеден секіріп, өз-өзіне қол салды, деп хабарлады сенбіде РИА Новости Мәскеу қаласы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.
Оның ақпаратына сәйкес, өз-өзіне қол салмай тұрып, қыз әжесіне сәтсіз махаббаты жайлы айтып берген.
"Осыдан кейін мектеп оқушысы Тверской көшесіндегі пәтер терезесінен секіріп өлген", - деді агенттікке сұхбат беруші.
РФ ТК астаналық басқармасы басшысының аға көмекшісі Юлия Ивановна оқиғаны растады, тергеу басталып, мән-жай анықталуда.