Махачкала әуежайында екі Ил-76 ұшағы соқтығысып қалды

МАХАЧКАЛА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешке Махачкала әуежайында РФ Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің екі Ил-76 ұшағы соқтығысып қалды. Дағыстан Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, оқиға салдарынан төрт адам қаза болып, бес адам зардап шеккен, бір адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
None
None
Бейсенбі күні мәскеу уақыты бойынша сағат 21.10-да бортында әскери қызметкерлер болған, жерге қонып, әуежайға беттеген Ил-76 ұшағы қанатымен ұшуға бет алған екінші Ил ұшағының бортын сүйкеген. Махачкала әуежайының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, соқтығыс кезінде ұшуға бет алған ұшақтың кабинасы өртенген, жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жау шарпуын өшіріп үлгереді. РФ ІІМ Ішкі әскерінің ресми өкілі полковник Василий Панченков оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқанын хабарлады.
Соңғы жаңалықтар