Махачкалада Дағыстан мүфтиінің орынбасарын өлтіріп кетті

МӘСКЕУ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Махачкалада Дағыстан мүфтиінің орынбасары Ахмед Тағаевты белгісіз біреулер өлтіріп кетті.
None
None
Кеше мәскеу уақыты бойынша сағат 22.20-ларда А.Тағаев қызметтен үйіне қайтып келе жатқан кезде, оны атып өлтіріп кеткен. Дін қызметкері басына тиген оқтан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Қылмыскерлер оқиға орнынан күміс түстес ВАЗ-21099 көлігімен іздерін жасырған. Оқиғаның себебі мен мән-жайы туралы әзірге ешқандай ақпарат берілген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
Референдум