Махачкалада Дағыстан президенті баспасөз қызметінің басшысы өлтірілді

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Махачкалада Дағыстан президенті баспасөз қызметі мен ақпараттық саясат басқармасының басшысы Гарун Курбановқа қастандық жасалды, деп хабарлайды РБК.

Махачкалада Дағыстан президенті баспасөз қызметінің басшысы өлтірілді

Республикалық ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең белгісіз біреулер Г.Курбановтың қызметтік көлігін атып кеткен. Алған жарақатынан автокөлік жүргізушісі мен Г.Курбанов оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыскерлерді іздестіру шарасы жүріп жатыр.