Махачкалада Пайғамбар (с.а.с.) тәбәрігін тамашалауға 2 миллионнан аса адам келген

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Тамыз айының 26-нан қыркүйектің 1-не дейін Дағыстан астанасы Махачкала қаласында өткен Пайғамбарлар падишасы - Мұхаммед Мұстафаның (Алланың игілігі мен сәлемі жаусын) қолданған бұйымдары мен өзге де жәдігерлерді өз көзімен көру үшін көрмеге 2 млн-нан аса адам келген.

Махачкалада Пайғамбар (с.а.с.) тәбәрігін тамашалауға 2 миллионнан аса адам келген

Muslim.kz сайтының жазуынша, тамыздың 25-і күні Біріккен Араб Әмірліктерінен арнайы рейспен Дағыстанға 20-дан астам жәдігер әкелінген.

«Осы апта аралығында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін құқық қорғау органдарының 1,9 мың қызметкері жұмылдырылған», - деп айтылған аталмыш ведомство хабарламасында.

Осы көрме кезінде 3,2 мың адам медициналық жедел жәрдемге жүгінген. Олардың 12-сі ауруханаға жеткізілді. Көрме кезінде тыныштық сақталып, тәртіп бұзу оқиғасы тіркелмеген.