Махачкаланың орталығында жергілікті телеарна директорын атып өлтірді

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Дағыстан орталығында бандиттер автомобильден оқ атты. Соның салдарынан бір адам опат болып, екіншісі жарақаттарымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды РБК.
None
None

Автомобильге оқ ату салдарынан Дағыстан Мұсылман Діни Басқармасының басшысы Магомедвагиф Сұлтанмагомедов көз жұмды. Ол сондай-ақ, «Махачкала-ТВ» телеарнасы мен «Нурул Иршад» («Ақиқаттың сәулесі») басылымына жетекшілік еткен болатын.

Қазіргі уақытта автомобильге оқ ату салдарынан жарақат алған тағы бір азамат ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ол ВАЗ-21099 көлігін жүргізіп келген болатын.

Бүгінгі күнде қанды оқиғаның ақ-қарасы тексерілу үстінде.

Соңғы жаңалықтар