Махер Зейн Мәскеудегі мәулітке қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу мүфтиі Илдар хазірет Аляутдинов Ыстамбұл қаласында мәуліт мерекесіне дайындық жұмыстарын жасауда. Илдар Аляутдинов пен Махер Зейн «Пайғамбар мәуліті» мерекесі бағдарламасы жайында ойласып, пікір алмасты, деп хабарлады www.muslim.kz.

Махер Зейн Мәскеудегі мәулітке қатысады

Мәскеу қаласының мүфтиі Түркия еліндегі сапары барысында әлемге танымал нашид орындаушы Махер Зейнмен кездесіп, мүбәрак мерекеге бірлесе дайындық жасауды ұйғарды.

Мәскеу Мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуінше, Илдар хаз3рет пен Махер Зейіннің жеке сұхбатында алда келе жатқан ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) мәулітіне орай әншінің Мәскеуге мерекелік бағдарламаға арнайы қатысуы туралы сөз болды.

Екіжақты ынтымақтастық кездесуі соңында Махер Зейннің 2015 жылдың 25 қаңтарында Мәскеу қаласында өтетін мәуліт мерекесіне қатысатындығы мәлім болды.

Махер Зейн - әлемге танымал нашид орындаушы, тегі ливандық швед әншісі. Оның бір әнінің өзін Youtube сайтының оқырмандары 45 миллион рет тыңдаған.