Махмадов пен Есіркепов журналистер қауымының бірлігіне үміт артып және қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында қоғамды адастыруға әрекет жасауда ? ҰҚК

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астанада БАҚ-қа кәсіпкер Сұлтан Махмадов пен «Алма ата ИНФО» газетінің бас редакторы Рамазан Есіркеповтің ісі айналасындағы дау-дамайға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми мәлімдемесі таратылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Тараз» АҚ және «БМ» ЖШС директоры Сұлтан Махмадов пен «Алма ата ИНФО» газетінің бас редакторы Рамазан Есіркепов заңсыз қамалды деген сипаттағы хабарлар мен үндеулер ақпарат құралдарында басылуда. Осыған байланысты ҰҚК: «Махмадов пен Есіркепов журналистер қауымының бірлігіне үміт артып және қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында қоғамды адастыруға әрекет жасауда», деп мәлімдейді.Естеріңізге сала кетейік, жамбылдық ірі кәсіпорын -«БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қожайыны болып табылатын С.Махмадов салықтан жалтарды деген айыппен қамауға алынып, Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің уақытша оқшаулау абақтысына жабылған болатын. Оның астыртын бизнесінің қаржы айналымы бірнеше млрд. теңге көлемінде деп болжануда.ҰҚК-нің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтің айтуынша, өз кезегінде Махмадов жауапкершіліктен жалтару үшін тергеушілерге қарсылық көрсетіп, ҰҚ органдарына жала жабуға тырысқан. «Махмадов ҰҚК Жамбыл облыстық департаменті қызметкеріне ақша беріп, ол арқылы құпия құжаттарды алып отырған. Өзі туралы жақсы пікір қалыптастыру үшін Махмадов ақысын төлеп, құпия материалдардың бір бөлігін газетке бастырған. «Алма ата ИНФО» газетінің бас редакторы Есіркепов саналы түрде БАҚ туралы заңды бұза отырып, құпия материалды жарыққа шығарған. Оны редакция сайтына орналастырған. ҰҚК-де Махмадов пен Есіркеповтің қылмыстық келісімдері жайлы нақты деректер бар», делінген мәлімдемеде.
Соңғы жаңалықтар