Махмұд Аббас парламенттік сайлауға қатысудан бас тартты

АСТАНА.  Қарашаның  6-сы.  ҚазАқпарат -    Палестина   автономиясының  президенті Махмұд  Аббас   алдағы   парламенттік  сайлауға  қатысудан  бас тартты, 

Махмұд  Аббас  парламенттік сайлауға  қатысудан бас тартты

деп    хабарлайды  «Маяк»  радиосы.

 Ол  өз шешімін,   Палестина автономиясы мен Израильдің арасындағы бейбіт келісімдерде соңғы кезде  ешқандай ілгерілеушілікке  қол жеткізілмеуімен  негіздеп отыр.

 Дегенмен,  Мысыр, Израиль   басшылары мен  Иордания королі Аббасты асығыс шешім қабылдамауға  шақырып,  сайлауға  қатысуға  үндеп  отыр.  

 Естеріңізге  сала кетейік,    дауыс  берілгеннен кейін     Аббастың президенттік өкілеттігі  аяқталады,  ағымдағы  жылдың  қаңтар  айында  оның өкілеттігі    сайлау  өткізгенше     ұзартылған    болатын.