Махмұд Сабырхан техникалық нокаутпен жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастады.

бокс
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Махмұд Астанада өтіп жатқан «Battle of the Brave» бокс кешінде шаршы алаңға шығып, Вьетнам елінің өкілі Данг Дак Хайнхпен (2-1, 2 КО) жұдырықтасты.

бокс
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Айқастың екінші раундында вьетнамдық боксшы Төреханның ауыр соққысынан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, отандасымыз кәсіпқой мансабындағы дебютінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Вьетнам елінің өкілі Данг Дак Хайнх
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Айта кетерлігі, 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд осыған дейін колумбиялық Николас Тордесильямен жұдырықтасуы керек болған еді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін «Барыс Арена» мұз сарайында отандық және шетелдік бокс жұлдыздарының қатысуымен үлкен тарихи бокс кеші өтіп жатыр.

кәсіпқой бокс
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Кештің басты жекпе-жегінде ел тарихында алғаш рет IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз белбеуін Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайды.

Бокс кешінде Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Соңғы жаңалықтар