Махмұт Қасымбеков турнирдің жеңімпазы атанды

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері арасында бильярдтан турнир болып өтті,

Махмұт Қасымбеков турнирдің жеңімпазы атанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Президент Әкімшілігінің қызметкерлері біраз жылдан бері салауатты өмір салтын насихаттау барысында спорттың әр түрінен жарыстарға қатысып келеді. Бұл жолы да жарыс өте қызықты өтті. Аталмыш турнир спорттың осы түрінің мемлекеттік қызметшілер арасында танымал ойын екендігін тағы айқын көрсетті. Тартысты өткен жарыста Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков турнирдің жеңімпазы атанды. Ал екінші орынды Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов иеленді. Жүлделі үшінші орынды Мемлекеттік құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Рустам Ахметов пен Әкімшілік басшысы хатшылығының консультанты Нұрдәулет Төлеев өзара бөлісті. Аталған турнирді ұйымдастырған ҚР Президенті Әкімшілігінің Кәсіподақ комитеті жарыс жеңімпаздарына Кубоктар және дипломдар табыс етті.