14:08, 07 Ақпан 2011 | GMT +5
МАИ қызметкері әріптесіне пара берді
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Ростов облысында жолда ГИБДД қызметкері тоқтатқан кезде оған пара бермек болған Ставрополь өлкесі жол милициясының қызметкері қолға түсті, деп хабарлайды auto.mail.ru.

Егер бұл жерде қарапайым жол ережесін бұзу оқиғасы жайлы болғанда, мұндай қадамға оның бармайтыны ақиқат еді. Бірақ жағдайды қарапайым деп айтуға қиын болды. Шетел көлігін айдап келе жатқан құқық бұзушы көліктің жүк салғышында тауарлық-көліктік құжаттарсыз тоннадан астам бекіре тұқымдас балықты алып келе жатты. Мұнда айып пен жүргізуші куәлігінен айырылудан да қиын жағдай басқа төніп тұр еді.
Ростов облысы бойынша тергеу комитеті хабарлағандай, құқық бұзушы-жол милиционері өзін тоқтатқан МАИ қызметкеріне 30 000 рубль көлемінде пара беріп жатқан кезінде Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен құрықталды. Ал пара алған қызметкер жазаға тартыла ма, әлде ол арнайы жедел шараға қатысты ма, ол жайлы еш мәлімет жоқ.