Mail.Ru сайтында ақылы сериалдар пайда болады

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Mail.ru Group басшылығы «Афиша Mail.Ru» сайтында ақылы фильмдер мен сериалдар кітапханасын құру жоспарларын мәлім етті. Бұл туралы «Лента.ру» сайтына компанияның PR-менеджері Елена Мельникова хабарлады.

Mail.Ru сайтында ақылы сериалдар пайда болады

Мельникованың айтуынша, Mail.ru жобасын жүзеге асыру үшін Ресейде американдық НВО телеарнасының контентін көрсету құқығын иеленген «Амедиа» компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.

«Қазір сайтта ақылы контент нақ қандай форматта пайда болатыны туралы айту әлі ертерек», деп мәлімдеді Мельникова және әңгіме ақылы негізге толық көшу жөнінде емес, қазіргі жұмыс жасап тұрған «Афише Mail.Ru» базасын тегін фильмдермен толтыру жөнінде болып отыр, деп атап көрсетті.

2013 жылғы желтоқсанда «Афиша» сайты ақылы бейнеконтентке қолжетімді өз алаңын іске қосты. «Афиша-Сериалдар» жобасы ауқымында сайтта бірнеше жүз ресейлік және шетелдік фильмдер жиналды. Жобаның әріптестерінің бірі «Амедиа» компаниясы болды.

Mail.ru порталының бір бөлігі болып табылатын «Афиша Mail.Ru» пайдаланушыларға 500-ден астам сериалға қолжетімділікті ұсынады. Фильмдер пайдаланушыларға тегін жүзеге асырылады, дегенмен видеоны пайдалану алдында қысқаша жарнамалық ролик іске қосылады.