Mail.ru «ВКонтакте» әлеуметтік желісін 1,5 млрд. долларға толықтай сатып алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Mail.ru Group «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі қалған 48,01 пайыз үлесін 1,47 млрд. долларға сатып алатынын хабарлады, деп жазады ВВС.
Осылайша, Mail.ru «ВКонтакте» желісін толықтай иелігіне алмақ. Бұдан бұрын компанияға оның 51,99 үлесі тиесілі болған.
БАҚ ақпаратына сүйенсек, келісім 16 қыркүйекте жасалған, акцияны сатушылар Blesmir Development Limited и Palagon Limited болды.
Сатылған үлес иегерлері United Capital Partners инвестициялық қоры.