Македония: Куманово қаласына шабуылдаған содырларды косовалықтар басқарған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Македония билігі кеше елдің шекарасына жақын орналасқан Куманово қаласында полицейлерді атып кеткен содырлардың басшылығында 5 косовалықтың болғанын мәлімдеді, деп жазады Би-би-си.

Македония: Куманово қаласына шабуылдаған содырларды косовалықтар басқарған

Олар бұрын Косова өлкесін азат ету армиясының құрамында болған көрінеді.

Атыс салдарынан 8 полицей ажал құшып, 37-сі жараланды.

Қарулы топ көрші елдің территориясынан басып кірген, - дейді билік өкілдері нақты қай ел екенін айтпай. Олардың мақсаты мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасау болған.

Қазіргі сәтте елде екі тәулікке қаралы күн жарияланды.