Македонияда белгісіз біреулер бес полицейді атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Македонияда полицейлер мен белгісіз адамдар арасында орын алған атыс салдарынан бес полицей ажал құшып, 30-ға жуығы жарақат алды.

Македонияда белгісіз біреулер бес полицейді атып кетті

Полиция бірнеше содыр қаза тапқанын да мәлімдеді.

Би-би-си тілшісі хабарлағандай, оқиға албан диаспорасы қоныстанған Куманово қаласында - македониялық-сербиялық шекарадан 10 шақырым жерде болған.

Ішкі істер министрлігі қарулы топ көрші елден (аты аталмады) келді деп отыр.

Македонияның құқық қорғау органдарының деректеріне сүйенсек, содырлар мемлекеттік мекемеге шабуыл жасамақшы болған.