Македонияда бортында 6 адам бар ұшақ құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Македонияда бортында 6 адам бар жекеменшік ұшақ құлап кетті, құлаған орыннан өрт шықты, деп хабарлайды РИА Новости.
«Пайпер» маркалы ұшақ радардан 17.40 (18.40 мск) шамасында жоғалып кетті, Ветерско ауылының маңайында табылды. Құтқару қызметі оқиға орнына келді. Олардың айтуынша, ұшақ отқа оранған. Жолаушылардың тірі қалғаны жөнінде мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, ұшақ бортында 6 адам - экипаж мүшелері мен жолаушылар болған.