Македонияда президенттік сайлау өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Македонияда президенттік сайлау өтіп жатыр, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Македонияда президенттік сайлау өтіп жатыр

Бұл елдің 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан бергі өз еркімен бесінші мәрте президенттерін таңдауы. Македонияда шамамен 1,8 млн.адамның дауыс беру құқы бар. Бүкіл ел аумағындағы 3 528 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша 07:00-де ашылып, кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Президенттік лауазымға төрт үміткер бар. Қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелеріне қарағанда, елдің қазіргі президенті 53 жастағы Гйорг Ивановтың жеңіске жету мүмкіншілігі басым. Ал оның басты саяси қарсыласы -оппозициялық социал-демократтар партиясының өкілі 51 жастағы Штево Пендаровский.

Егер бірде бір үміткер бүгінгі дауыс берудің нәтижесінде түбегейлі басымдыққа ие бола алмаса, онда екі аптадан кейін барынша мол дауыс жинаған екі бәсекелестің арасында келесі кезең өткізіледі.