Македонияда турист суретке түсу үшін аққуға қиянат жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Македонияда Болгариядан барған турист жақсылап суретке түсу үшін аққуды қинап өлтірді, деп жазады «lenta.ru» «The Telegraph» агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Куәгерлердің айтуынша, 8 наурыз күні саяхатшы әйел Охрид көлінен аққуды ұстап алып, жағаға алып шыққан. Сосын, жағада құспен бірнеше рет суретке түскен. Құстың қанатын қайырып, әбден қинаған ол суретке түсіп болған соң оны жағада тастап кеткен.