Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Македониядағы жер сілкінісінен 100-ге жуық адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні болған жер сілкінісі салдарынан жарақат алған 100-ге жуық адам Македонияның астанасы Скопье қаласындағы ауруханаға жүгінген.

Македониядағы жер сілкінісінен  100-ге жуық адам зардап шекті

Ауруханаға негізінен зілзала кезінде үйлерінен қашып шыққан сәтте жеңіл-желпі  жарақат алғандар келген

Зілзаланың алғашқы толқыны Скопьеде таңертеңгілік жергілікті уақытпен 6.58 және  6.59-а орын алған.

  Ал 15.10-да Скопьеден жеті шақырым қашықтықта  10 шақырым тереңдікте ең күшті, магнитудасы 5,3 дүмпу тіркелген.  

Бұл жер сілкінісі телефон байланысына кедергі келтіріп, қаланың бірқатар аудандарында электр жүйелерін істен шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.

Әзірге келтірілген материалдық шығынның көлемі хабарланбай отыр