«Макинск-Ақсу-Торғай» тас жолын су басты

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – «Макинск-Ақсу-Торғай» тас жолының 96-97 шақырымында еріген қардың суы тасыды. 

Ақмола облысы
Фото: видеодан алынған скрин

«2024 жылғы 30 наурызда сағат 15:30 шамасында Ақмола облысы «Макинск-Ақсу-Торғай» тас жолының 96-97 шақырымында еріген қардың суының салдарынан су тасқыны тіркелді. Су басқан аумақтың ауданы 90 метрді құрайды. Тасқынды алдын алу үшін 250 тонна инертті материал төселіп, 6 адам және 1 арнайы техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ҚазАвтоЖол компаниясы.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бірқатар жолды су басқанын жазған едік.