Макинск тұрғыны тіркелмеген діни ұйым ашқан -Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында дін саласында болған заңбұзушылықтарға байланысты 37 әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өткен 2017 жылы діни экстремизге қарсы күрес бойынша атқарлыған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Құқық қорғау органдарымен қолға алынған шаралардың нәтижесінде 37 әкімшілік іс қозғалып, заңбұзушылықтарға орын берген тұлғаларға 1 миллион 815 мың теңге айыппұл салынды.

Мәселен, өткен жылдың наурыз айында Көкшетау қаласындағы кітап дүкендерінің бірінде діни әдебиеттер сатылғаны үшін 113 450 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оған қоса, дүкеннің жұмысы 3 айға дейінгі мерзімге уақытша тоқтатылды.

Ал, Еңбекшілдер ауданында діни әдебиеттер тарату бойынша 5 оқиға анықталды. Осыған кінәлі жергілікті тұрғындарға қатысты ҚР ӘҚбК 490-шы бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 113 450 теңге көлемінде айыппұл салынды. Экстремистік бағыттағы діни әдебиетті сақтаған үшін Жақсы ауданының 26 жастағы тұрғыны 226 900 теңге айыппұл төлейтін болады.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласы мен Астархань және Бұланды аудандарында да тіркелмеген діни ұйымдардың жұмысына басшылық ету, қатысу сияқты 6 оқиға анықталды. Мәселен, былтырғы жылдың шілде айында Макинск қаласында жергілікті тұрғын тіркелмеген діни ұйым ашқан. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 226 900 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«...Полицейлер діни бағыттағы заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында рейдтік шараларды жиі өткізіп тұрады. Уақтылы қолға алынған шаралар заңсыз діни қызметтердің жолын кесуге мүмкіндік береді», деп түсіндірді ІІД экстермизмге қарсы күрес басқармасының мамандары.

Соңғы жаңалықтар