Маккартнидің пианиносы Ливерпулдегі бәссаудада сатылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пол Маккартни атақты "The Beatles "Yesteday" хитін шығарған пианино Ливерпулде бәссаудада сатылатын болды, деп хабарлады Omega auctions аукцион үйінен.
Сауда-саттық 20 наурызда өтеді.
Сауданы ұйымдастырушылар 1907 жылы жасалған музыкалық аспапты 50 мың фунт стрелингке ($83,4 мың) бағалап отыр.
Бұл пианинода Джон Леннон да ойнаған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.