Мақпал Исабекова экшн-фильмге түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Мақпал Исабекова "Загнанная" ("Тығырыққа тірелген") деген фильмде басты рөлде ойнады. Әйелдерге еркектер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық мәселесін көтеретін экшн-драманы Сапар Төлеген түсірген, деп хабарлайды kinostan.kz.
Қорлық көрсеткен күйеуінен кек алатын келіншекті сомдау үшін Мақпал Исабекова бір жыл бойына бокспен және таэквондамен айналысыпты. Оның күйеуінің рөлін Данияр Қуантқанов орындап шыққан. Бұлардан бөлек түсірілімге Иван Бреусов, Бибо секілді әншілер, дизайнер Лария Жақамбаева және белгілі қайраткер Болат Құсайынов қатысқан. Фильм биыл шығады деп жоспарланып отыр.
Трейлерін төменнен көре аласыздар.