Мақпал Жүнісова сақинасын іздеуде
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Күміскөмей әнші Мақпал Жүнісованың екі бірдей ғауһар тасы бар бағалы сақинасы қолды болды.
Бұл туралы «31 арнаға» берген сұхбатында ол: «Мәселе - жүзіктің ақшасында емес, оның сыйға тартылғандығында. Біреуі 5 мың доллар тұратын бағалы заттарымды Өскемен қаласындағы концерттен кейін жоғалтып алдым. Сақиналарымды екі қызға әмияныма салыңдар деп сеніп тапсырған едім», - деді.
Мәселенің анық-қанығын білгісі келетін әнші жүзіктерін тапқан немесе оның кім қолды қылғанын айтқан адамға сыйақы әзірлеп қойған көрінеді.
Мақала «Нұр Астана» басылымының бүгінгі санында жарық көрді.