Макрон Франциядағы президенттік сайлауда Ле Пеннен 60% дауыспен алда келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 мамырды  Франциядағы президенттік сайлаудың екінші екінші кезеңі өтуде.

Макрон Франциядағы президенттік сайлауда Ле Пеннен  60% дауыспен алда келеді

Қазіргі уақытта «Алға!» қозғалысының негізін қалаушы Эммануэль Макрон  «Ұлттық майдан» партиясының басшысы Марин Ле Пеннен  60 пайыз дауысты артық жинап, алда келеді.

Бұл туралы Le Soir  басылымы үш институттың мәліметтеріне сілтеме жасап жазды.

Еске сала кетсек, Франциядағы сайлаудың екінші айналымына түске дейін сайлаушылардың 28,23%-ы қатысқан болатын.

Сарапшылар атап өткендей, әдетте президент сайлауының екінші айналымы барысында сайлаушылардың қатысуы 80%-дан аз болмайтын. Сонымен қатар, кейбір сарапшылардың пікірінше, қазіргі сайлаудың екінші айналымы барысында дауыс беруден  халықтың 28%-ы бас тартуы да мүмкін.