Макрон: Франциялықтар 2024 жылғы Олимпиаданы Парижде өткізуді қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция президенті Эммануэль Макрон Швейцарияның Лозаннасында өткен баспасөз мәслихатында  2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын Парижде өткізу өтінішін қолдады.
None
None

«Команда менің мандатымның ең басында өте жақсы жұмыстар атқарды, мен өтінішті барынша қолдадым, бұл жоба үлкен қолдауға ие. Мен бұл жерде француздардың дайын екендігін хабарлауға келдім», - деген Макронның сөзін келтіреді ТАСС.

Франция президенті әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, елдегі жастар мен егде адамдардың 2024 жылғы Олимпиада ойындарын Парижде өткізуді қолдайтынын атап өтті.

2024 және 2028 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге Лос-Анджелес пен Париж үміткер болып отыр.

Соңғы жаңалықтар