Макрон халыққа жолдауында не айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Франция президенті 5 желтоқсанда республиканың 73 жастағы премьер-министрі Мишель Барньенің отставкасын қабылдағаннан кейін эфирге шығу туралы шешім қабылдады.

Макрон
Фото: Ақорда

Франция саяси дағдарыс жағдайында өз президентінің сөзін күтті. 10 минуттық сөзінде Эмманюэль Макрон қазіргі жағдайға өзінің көзқарасын белгіледі. «Le Figaro» басылымы Франция президенті сөзінің келесі негізгі аспектілеріне тоқталды

1. Эмманюэль Макрон Ұлттық ассамблеяны жазда тарату туралы шешімін «түсінбегенін» мойындады. Алты айдан кейін республика президенті «бұл сөзсіз» шара болғанымен, оның шешімі «түсінілмегенін» мойындады.

«Бұл менің жауапкершілігім», - деді Макрон. Заң шығарушы органдарға жаңа сайлауды тағайындау туралы өз таңдауын ақтау үшін ол сол кезде экстремалды күштердің алда тұрғанын және осы күзде сенімсіздік вотумын жариялағанын атап өтті. 

2. Президент республикаға қарсы майдандағы әсіреоңшылдар мен солшылдардың «одақтасуын» айыптады. Associated Press пікірінше, француз көшбасшысының сөз сөйлеуі біршама агрессивті болып, ел билігінің күйреуі үшін барлық кінәні «Ұлттық бірлестіктегі» қарсыластары мен әсіресолшылдарға жүктеген. Ол әсіреоңшылдарды ерекше атап өтіп, «олар тәртіпсіздікті таңдағанын» мәлімдеді. 

3. Бейсенбіде сөйлеген сөзінде Эмманюэль Макрон президент ретінде қалуға ниетті екеніне еш күмән қалдырған жоқ.

«Сіздер маған берген мандат 5 жылға есептелген, мен оны соңына дейін орындаймын», - деді ол. Француз көшбасшысы республика саясаткерлерінің оны отставкаға кетуге шақырған мәлімдемесіне осылайша жауап берді. 

4. Макрон өзіне сенімсіздік вотумына ұшыратпауға міндеттенетін «барлық саяси күштерді білдіретін ортақ мүдделер үкіметін» құру туралы хабарлайды. Алайда Франция басшысы жаңа премьер-министр лауазымына кандидатты әлі атаған жоқ.

Сонымен қатар, прездент Мишель Барньеге еңбегі мен адалдығы үшін алғыс білдірді. Ұлттық ассамблеяның әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландыру туралы заң жобасын қабылдамауы себебімен 2025 жылға арналған бюджеттің болашағы белгісіз болып қалып отырғандықтан, Эмманюэль Макрон желтоқсанның ортасына дейін парламентке арнайы заң енгізілетінін хабарлады.

«Уақытша заң Конституциямызда көзделгендей мемлекеттік қызмет пен ел өмірін үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар