Макрон Луврды жаңғыртпақ
АСТАНА. KAZINFORM – Франция президенті сейсенбіде әлемдегі ең көп баратын мұражайды жаңғырту үшін күрделі жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді. Эмманюэль Макронның баспасөз мәслихаты «Мона Лиза» қойылған залда өтті, деп хабарлайды Euronews.

«Луврдың жаңа ренессансы» деп аталатын 10 жылдық жөндеу жобасы 2031 жылға қарай ашылатын Сена маңындағы жаңа кіреберіс пен жерасты залдарын құруды қамтиды, деді Макрон.
- Луврды жаңарту және кеңейту жұмыстары оны біздің елімізде және одан тыс жерлерде өнер тарихының эпицентріне айналдырады. Жоспар бірінші кезекте Луврға баруды теңестіретін және париждіктердің оған кіру мүмкіндігін қалпына келтіретін үлкен және тиімді Перро колоннадасы деңгейінде жаңа үлкен кіреберіс құруды қамтиды, - деді Франция президенті.
Президент әлемде келушілер саны ең көп мұражайды жаңғырту жобасына бюджеттік қаражаттың нақты көлемін жарияламады. Бағалау бойынша, ол 700 мен 800 млн еуроға дейін соманы құрайды.
Лувр соңғы рет 1980 жылдары атақты шыны пирамида ашылған кезде жөнделді. Бүгінде музей халықаралық стандарттарға сай емес, дейді мамандар.
Президент Макрон Еуропалық Одақтан тыс келушілер үшін билет бағасы 22 еуроға дейін көтерілетінін айтты. Ол мұражайдың келушілер үшін де, қызметкерлер үшін де қауіпсіз әрі жайлы болатынына уәде берді.
Сондай-ақ ол Леонардо да Винчидің «Мона Лизасы» Луврдағы бөлек бөлмеге көшірілетінін хабарлады.