Макрон шетелде де сынға ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция президенті зейнет реформасына қатысты шетелде де сынға ұшырады. Нидерландыда заң жобасына қарсы азаматтар Макронның сөзін бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Christophe Petit Tesson, Pool via AP

Франция президенті өз елінен тысқары жерде де да зейнет реформасына қатысты сыннан қашып құтыла алмады. Нидерландыда Эммануэль Макронның сөзін зейнет реформасына қарсы шығушылар бөлді.

Жағдай тәртіпке келтірілгеннен кейін Макрон реформа Францияның тәуелсіз держава ретіндегі болашағы үшін өте қажет элементтердің бірі деп мәлімдеді.

«Бұл өте маңызды, әйтпесе біз егемендігіміз бен өз бетімізше шешім қабылдау мүмкіндігінен айырыламыз. Біз 2050 жылға қарай көміртегінен бейтарап елге айналамыз, бірақ Қытай және Америка технологияларын пайдаланамыз. Бұл бізге қауіп төндіреді әрі соққы болады. Өйткені мұндай жағдай жұмыс орындарын жойып, біз өз бетімізше шешім қабылдай алмайтын жағдайға жетеміз», - деді Франция басшысы.

Макрон бірнеше рет АҚШ пен Қытайдан «стратегиялық автономия» құруды ұсынды. Сонымен қатар Бейжіңге коронавирустан кейінгі алғашқы сапары кезінде Франция президенті экономикалық байланыстардың айтарлықтай нығайғанын мәлімдеді. Эммануэль Макронмен бірге бірнеше келісімшартқа қол қойған франциялық ірі компания өкілдері жүрді.


Соңғы жаңалықтар